«Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров аймақтың инвесторларымен кездесті.
Қадағалау органының басшысы «Кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдар үшін заңдылық идеологиясы заңға бағыну - табысты бизнес пен инвестициялардың кепілі екендігіне баса назар аудару арқылы ілгерілейтін болады» деп атап өтті.
Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді.
Жалпы, Қызылорда облысының прокуратурасы бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді.
Мәселен, ағымдағы жылы 46 инвестициялық кейс шешілді (35 инвестор, инвестиция көлемі – 743 млн теңге).
Жүктемесі төмен 4 кәсіпорынның қызметі қайта жандандырылды.
Айта кету керек, қадағалау актілері бойынша 3187 кәсіпкердің құқықтары қорғалды (олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді).
Тәртіптік жауаптылыққа 45 адам тартылды (оның ішінде 15 облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар).
Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны (1-уі ӘҚБтК-нің 173-бабы) және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін (3-уі ӘҚБтК-нің 175-бабы) 4 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, 590 кәсіпкердің қызметіне заңсыз тексерулер жүргізуге жол берілмеді.
Анықтама: оның ішінде СЭС органдары 190 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты.
21 материалды келісуден бас тартылды (тексерулер тағайындау бойынша - 9, әкімшілік іс жүргізуді қозғау - 11, талап қою арыз - 1).
Бұл саладағы қадағалау облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.