Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Қызылорда облысы Арал ауданы прокуроры М.Бекпановтың бастамасымен аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Әлтай, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы Р.Жанаев және аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Ембергеновамен бірге Арал ауданында іске асып жатқан «Qazaq Camel» ЖШС-ның «түйе сүтінен құрғақ ұнтақ дайындау зауыты» инвестициялық жоба жұмысымен танысты.

Инвестициялық жобалар еліміздің экономикалық өсімінің жаңа кезеңіне негіз қалауда.

Бұл жобалар тек қазіргі экономикалық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зауыт іске қосылғанда шикізатты ауылдардан арнайы техниканың көмегімен алдырып, арнайы ыдысқа жинау жұмыстары жүргізіледі.

Осы арқылы түйе малын ұстайтын шаруалардан сүт қабылдау жұмыстары жан-жақты жүргізілетін болады.

Заводтың цехтары толығымен іске қосылғаннан кейін 35 жұмыс орны ашылмақ.

 

#Заң_мен_Тәртіп