Прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтерді тиімді пайдалану бағытында Қызылорда облысының Арал ауданында денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салалары бойынша алты әлеуметтік нысан жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылы 25 орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесі мен аудандық көп бейінді орталық ауруханасының қосымша ғимаратының құрылыстарын аяқтау жоспарланған.
Арал ауданының прокуроры М. Бекпанов аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжановпен бірге аталған нысандардың құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс барысы мен мемлекет қаражатын мақсатты жұмсалуы прокуратура органдарының бақылауында.