Акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықты жасауға бейім жасөспірімдерді анықтау, міндеттерін тиісті түрде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Осының аясында прокурорлар 200-ден астам білім беру ұйымын қамтып, нәтижесінде құқық бұзушылыққа бейім 545 оқушы (70 кәмелетке толмағанды полицияның, 475 мектепішілік есепке қоюға жұмыстар жүргізілуде) мен өз міндеттерін тиісінше орындамаған 62 ата-ана анықтады.
Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 210 баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция есебінде тұрған 70 жасөспірімге тәрбиелік мақсатта жазаны өтеу орындары көрсетіліп, сондай-ақ оларға қатысты көрнекі сот процестері ұйымдастырылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.
Қазіргі таңда акция жалғасуда.