Қызылорда облысының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.
"Прокурорлық сүзгіні" енгізу инвесторларға қатысты әкімшілік іс қозғау үшін прокурордан міндетті түрде рұқсат алуды талап етеді. Талдаумен мемлекеттік органдардың Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) талаптарын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, Экология департаментінің лауазымды тұлғалары прокурордың келісімінсіз инвестор «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-н ӘҚБтК-нің 325-бабымен (өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу) екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартты. Анықталған бұзушылықтар бойынша Қызылорда облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде Экология департаментінің бас маманы мен басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыс прокуратурасы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді мақсат етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда.