Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды

Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды

Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасымен азаматтардың құқықтарының қорғалуы үнемі бақылауда.

 

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізу барысында Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы ШЖҚ КМК-ы ағымдағы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды.

 

Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

 

Ұсынудың қаралу қорытындысымен 623 қызметкерге жалақылары толық төленіп, олардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді.