Қармақшы ауданы прокуратурасымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту мәселесі бойынша талдау жүргізілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы.
Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы аталған санаттағы балаларға берілуі тиіс.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар аталған тұлғалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мүмкіндігін бұзған.
Тек прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана олардың құқықтары қалпына келтіріліп, заңсыз тұрғын үй кезегінен шығып қалған азаматша қайта кезекке қойылды және кезектегі 3 жетім балалардың көптен күткен баспаналарына қол жеткізілуі қамтамасыз етілді.