Қазалы ауданында мәдениет саласындағы жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды

Қазалы ауданында мәдениет саласындағы жұмысшылардың еңбек құқықтары қорғалды

Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде мәдениет саласындағы бірқатар мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда жұмыс істейтін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.

Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


             Прокуратура ұсынуы негізінде уәкілетті органдармен еңбек заңнамасын сақтау шаралары қабылданды.

 

Заң_мен_Тәртіп