Қызылорда облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді

Қызылорда облысында алимент төлемегені үшін борышкердің бас бостандығы шектелді

Сырдария ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған «Т» есімді азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Алимент төлеуге мүмкіндігі бола тұра, ол 9 жыл бойы өз міндеттерін орындамай, әрекетсіздік танытқан. 2016 жылдан бастап берешек сомасы 8 173 713 теңгені құрады.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 26 мамырдағы үкімімен борышкер ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

#Заң_мен_Тәртіп