Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай “Заң және Тәртіп” қағидаты аясында прокуратура органдарының ұйымдастыруымен қаладағы халық көп шоғырланатын орындардың бірі — “Aray City Mall” сауда ойын-сауық орталығында тұрғындарға ашық есік күні өтті.
Азаматтарға құқықтық кеңес берілген бұл іс-шарада тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сауда орталығының LED экранында Конституция нормалары бойынша бейнеролик көрсетіліп, тұрғындарға конституциялық құқықтар бойынша үнпарақтар тарату арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдарына сенімді нығайту және тұрғындардың заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
#Заң_мен_Тәртіп