Есірткі қылмысының алдын алу

Есірткі қылмысының алдын алу

Қызылордада облыс прокурорының төрағалығымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

 

Жиында өңірдегі есірткі қылмысының жағдайы, жастар арасындағы нашақорлықтың өсу себептері және есірткі егілетін жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары қаралды.

 

Кеңес жұмысына құқық қорғау органдарының, жергілікті биліктің, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 

Қатысушылар атқарылған жұмыстар туралы баяндап, тәжірибемен алмасты және алдын алу бойынша жаңа тәсілдерді ұсынды.

 

Ризабек Ожаров құқық қорғау органдар арасында өзара іс-қимылды күшейту, сондай-ақ есірткі қылмыстарына бақылау мен профилактиканы қамтамасыз ететін кешенді шараларды енгізу тапсырды.

 

Отырыс қорытындысында мемлекеттік органдар мен қоғамның өзара ынтымақтастығын нығайта отырып, профилактикалық және оңалту шараларын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

#Заң_мен_Тәртіп