Қызылорда облысының прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде

Қызылорда облысының прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде

 

Бүгінгі күні «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы жүзеге асырылуда.

Осы орайда, облыс прокурорының төрағалығымен бес мыңнан астам жастың қатысуымен «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» атты форум ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Армандар орындалады» тақырыбында 325 білім беру ұйымында сала мамандарының қатысуымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда өңірде кәмелетке толмағандар арасында буллинг пен суицидтің алдын алу және анықтау мақсатында «Kiva», «Komek Stop Bullying» және АСППМ «HR+» бағдарламалары жүзеге асырылуда.

«Kiva» буллингке қарсы бағдарламасы облыс көлемінде 4 орта білім беру ұйымына пилоттық жоба ретінде енгізіліп, бағдарлама бойынша 12 педагог оқыту курсынан өтті.

Алдын алу жұмыстары аясында «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесіне буллинг туралы хабарламалар түсіп, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

#Заң_мен_Тәртіп