Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясындағы тапсырмасы негізінде, прокуратураның бастамасымен облыс көлемінде «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою» мақсатында «Киберволонтёр» қадағалау-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шараның мақсаты — есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының жолын кесу, сондай-ақ адам мен азаматтың заңды мүдделерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғау.
Алгоритмге сәйкес, халық көп жиналатын орындарда, білім беру ұйымдарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Бүгінгі күні есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты 176 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, оның 110 ісі сотқа жолданды. Кінәлі адамдар жауапқа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп