Қызылорда облысының прокурорлары «Заң мен Тәртіп», «Тәртіп батырлары» акциясы аясында, қоғамда құқықтық тәртіп идеяларын және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ашық есік күнін өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, жер қатынастары, кәсіпкерлікті қолдау және басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қойып, заң аясында нақты түсіндірулер берілді.
Облыс бойынша қабылдауда барлығы 430 азамат болды, олар түрлі мәселелер бойынша көмек алды.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп