Қызылорда облысы прокуратурасымен қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді жүргізілуде.
Осы орайда облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалық етуімен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Үйлестіру Кеңесі өткізілді.
Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қазақстан Республикасы Парламент Сенат және Мәжіліс депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Абдуламитұлы, Мемлекет және қоғам қайраткері Асанғазы Оразкүл зиялы қауым, ардагерлер мен ата-аналар комитеті, мектеп директорлары қатысып, барлығы 10 мыңға жуық қатысушы қамтылды.
Облыс прокуратурасының бастамасымен өңірімізде заман талабына сай жобалар жүзеге асырылып, қылмыс деңгейі 7%-ға төмендеді.
«Қылмыссыз аймақ» жобасы аясында алкоголь өнімін сатуды шектеу туралы ерікті түрде 107 кəсіпкермен меморандум жасалып, өңіріміздің 7 ауылы алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты.
«IT тергеу» жобасын іске қосылып, жоба аясында 820 қылмыстық іспен 1300 ұялы телефон нөмірлері тексеріліп, 3126 қылмыс ашылды.
«Киберволонтер» профилактикалық іс шара барысында алаяқтық пен есірткінің алдын алу бағытында халық арасында кеңінен хабарландыру, түсіндірме жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, «Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі» акциясы өткізіліп, білім беру ұйымдарында 200-ге жуық жиналыс өткізсе, 15000-ға жуық ата-анамен кездесу ұйымдастырылды.
Бүгінгі күнде «AIMAP» және «SMART» жобалары әзірленуде.
#Заң_мен_Тәртіп