Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мәдени іс-шара өткізілді

Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мәдени іс-шара өткізілді

        Бүгінгі күні қоғам алдында өзекті мәселенің бірі - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын - алу.

        Осы орайда «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысының прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың салдарына қатысты қойылым ұйымдастырылды.

         Іс - шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға және оның үстемдігі қағидатына құрмет қалыптастыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық әлеуетін жетілдіру болып табылады.

         Бұл бағыттағы шаралар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуға, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді.