Қызылорда облысының прокуратурасы жетім балалардың құқықтарын қорғады.

Қызылорда облысының прокуратурасы жетім балалардың құқықтарын қорғады.

Облыс прокуратурасы жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылығына талдау жүргізді.

Нәтижесінде тұрғын үйді табыстау және кезектілікке қою барысында балалардың құқықтарының бұзылғандығы анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.

Алайда, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 102 бала тұрғын үй кезігіне 3 айдан кешігіп қойылса, 15-і мүлдем қойылмағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, комиссиямен оң шешім қабылданғанына қарамастан 37 баламен тұрғын үйді жалдау шарты жасалмаған.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 41 жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтамасыз етілді және барлығы кезектілікке қойылды.

Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Қызылорда облысының прокуратурасы