Қызылорда қаласы прокуратурасымен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 2,8 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Атап көрсеткенде, қала әкімдігімен 1,4 млрд теңгеге қала көшелерін жөндеуге жарияланған конкурста бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген көше енгізілген.
Осы тектес, жұмыстар орны мен көлемі нақты көрсетілмеген жобалау-сметалық құжаттама негізінде көшелерді күрделі жөндеуге 1,2 млрд теңгеге, сондай-ақ қала көшелерін жыл көлемінде санитарлық тазалау жұмыстары шартқа сәйкес жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, қосымша тазалау жұмыстары үшін 223,2 млн теңгеге негізсіз мемлекеттік сатып алу конкурстары жарияланған.
Енгізілген қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен 2,8 млрд теңгеге 3 конкурстың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда қаласының прокуратурасы