БП
Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Прокуратура туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
16 января 2025
Қызылорда облысында мемлекет мүддесіне қатысты заңсыз қабылданған сот актілерінің күші жойылды

Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді.

Нәтижесімен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру, атап айтқанда шаруашылықтар тарапынан субсидия алу кезінде шынайы емес мәліметтер ұсыну фактілері анықталды.

Аталған заң бұзушылықтар сот талқылауы кезінде өз дәлелін тапқанымен, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шаруашылықтардан негізсіз алынған субсидия сомасын кері қайтармай, заң талаптарына қайшы сот шешімдерін қабылдаған.

Осы ретте прокурорлық наразылықтан кейін, апелляциялық саты сотымен бірінші саты сотының шешіміне өзгеріс енгізіліп, мемлекет пайдасына 30 млн теңге өндірілді.

 #Заң_мен_Тәртіп

 

13 января 2025
Сот-тергеу тәжірибесі талқыланды

Қызылорда облыстық прокуратурасының үйлестіруімен қылмыстық және әкімшілік істерді сотта қарау барысында туындаған проблемалық мәселелер дөңгелек үстелде талқыланды.

Іс-шараға прокуратура, сот және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.

Облыс прокуроры Р. Ожаров өткен жылы соттармен 1535 тұлғаға қатысты 1235 қылмыстық іс, 20243 тұлғаға қатысты 20243 әкімшілік іс қаралғанын атап өтіп, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, соттармен қолдау тапқан «Смарт білезік» жобасының қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шарасын қолданудағы тиімділігіне назар аударды.

Сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің сотта қаралуы кезінде орын алатын проблемалық мәселелер талқыланды.

Масаң күйде автокөлікті басқарғандықтан куәлігінен айрылған жүргiзушiнің қайта көлiкті жүргізгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындау тәжірибесін қалыптастырудың тиімділігі талқыланды. 

Баяндамашылар проблемалық мәселелерді нақты мысалдармен түсіндіріп, оларды заңды әрі тиімді шешу жолдарын ұсынды.
 Іс-шара барысында айтылған ұсынымдар қызу талқыланып, нәтижесінде заңды және біркелкі сот-тергеу тәжірибесін қалыптастыру үшін нақты іс-шаралар белгіленді.

09 января 2025
Қазалы аудандық прокуратурасының ғимараты пайдалануға берілді

 

 Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасының жаңадан салынған ғимараты ашылды.

 

Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ауданның сәулеттік стиліне үйлесімді нысанының ашылуына облыс прокуроры Ризабек Кәрімов, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, кент тұрғындары қатысты.

 

Жаңа ғимараттың аумағы 600 шаршы метрді құрайтын, әрі заман талаптарына сай келетін нысан қауіпсіздік пен технологиялық нормаларды ескере отырып салынған. 

 

Ғимарат мәжіліс және арнайы спорт залдарымен жабдықталған. 

 

Аймақ басшысы прокуратура қызметкерлері еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, азаматтардың құқықтарын қорғау мен заңсыздықтарды жою жолында бар күш-жігерін жұмсап, қызметтерін адал атқаратыны жөнінде сенім білдіретінін атап өтті.

 

Салтанатты шараға қатысқан қонақтарға аудандық прокуратурасының ғимаратының таныстырылымы өтті.

 

05 января 2025
Азаматтардың меншік құқықтары қорғалды

Қызылорда қаласының прокуратурасы 34 азаматтың меншік құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады («Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңның 64-бабы 5-тармағы).

Дегенмен,  уәкілетті органдар жылжымайтын мүліктерге шектеулер қойып (мүлікке иелік ету, пайдалану және билік етуге тыйым салу), азаматтардың жеке меншігіне билік ету құқықтарын заңсыз шектеген.

Қадағалау актісінің қаралуы нәтижесінде азаматтардың мүліктеріне негізсіз қойылған шектеулер жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

#Заң_мен_Тәртіп

31 декабря 2024
Алимент төлеуден жалтарғандар: букмекерлік кеңселерде ұтылған ақша мен заң алдындағы жауапкершілік

Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады.

Ағымдағы жылы 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты «Олимп» букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.

Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды.

Алиментті уақытында және толық көлемде төлеу бұл әр ата-ананың міндеті мен парызы.

         

#Заң_мен_Тәртіп

#Жауапкершілік

 

25 декабря 2024
Қызылорда облысында нашақорлыққа қарсы бір айлық акция өтті

Қызылорда облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 345 қылмыстық іс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 23% өсім байқалды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы есірткі өсімдіктерін анықтау мақсатында жүргізілген рейд барысында 54 есірткі плантациясы анықталып, олардың көзі жойылды.

Заңсыз айналымнан 1,4 тонна есірткі заттары алынып, 11 ірі есірткі алқабы жойылды.

 Есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға қатысты облыс әкімінің және Бас Прокуратураның Стратегиялық даму департаменті бастығының қатысуымен Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, «Нашақорлыққа қарсы» бір айлық акция жарияланды.

 Қала, аудан прокурорларының және қылмыстық қудалау органдарының қатысуымен есірткімен күреске қатысты 2-і ведомствоаралық жиналыс өткізілді.

Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен 2 трансұлттық ұйымдасқан топ және ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды, 2 халықаралық және 7 аймақаралық есірткі тасымалдау арналары анықталып, жолы кесілді.

Әлеуметтік желілерде 304 синтетикалық есірткі арнасына тосқауыл қойылып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы оларды сатуды жарнамалайтын сайттар бұғатталды.

 Аймақта акция аясында тақырыпқа байланысты 14 дөңгелек үстел, 800-ден астам бейнеролик пен фотоақпарат, 37 билборд орнатылды. Тұрғындарға мыңға жуық брошюралар таратылып, есірткіге қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Құқық қорғау органдары, жергілікті билік пен еріктілердің бірлесуімен жалпы 56 граффити жойылып, есірткі жарнамалары бойынша 18 қылмыстық іс тіркелді.

Іс-шараға әкімдіктердің жанындағы коммуналдық мекемелердің 50-ден астам қызметкерлері тартылды.

Елімізге танымал өнер саласының қайраткерлерімен 31 бейнежазба арқылы үндеулер жарияланды.

 Облыстағы жастар мен орта буын азаматтарын қоса алғанда жалпы 500 мыңнан аса тұрғынға есірткінің зардабы мен жауаптылығы туралы аса қажетті түсіндірмелі мәліметтер жеткізілді.

Негізгі шаралар жастар арасында нашақорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталды.   

 

#Заң_мен_Тәртіп

#ҚұқықтықМәдениет

 

24 декабря 2024
Қызылорда облысының прокуратурасы алаяқтыққа қарсы күресте жасанды интеллекті пайдаланады

Облыстық прокуратура алаяқтық қылмыстарының алдын алуға арналған «IT ТERGEU» жобасын әзірледі, бұл жоба жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде тиімді қолдануға бағытталған.

Жоба үшін облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлініп, ақпараттық-талдау бағдарламалары сатып алынды.

Бағдарламалардың көмегімен 749 қылмыстық іс бойынша 1074 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде 151 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды, сондай-ақ, 2 киберқылмыстық топ, 52 дроппер мен хабар-ошарсыз кеткен 91 тұлға табылды.

Қазіргі уақытта интернет алаяқтық бойынша 264 қылмыстық істің 78-і сотқа жолданып, көрсеткіш 29%-ға артты.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты 52 істің күмәнді есепшот транзакцияларын тоқтату үшін антифрод орталығына сұраныс жолданды.

Өңірде профилактикалық жұмыстар аясында қаржы институттары өкілдерімен бірнеше ресми кездесу өткізілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 200-бабына сәйкес 25 ұсынy енгізілді.

Қызылорда облысының прокуратурасы азаматтарды алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақ болуға шақырады.

#Заң_мен_Тәртіп

03 декабря 2024
Қызылордада жол құрылысының талаптары бұзылған

Қызылорда қаласы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде қала әкімдігі тарапынан хабарлама жібермей жол жөндеу жұмыстарының басталғаны анықталды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңда белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi («Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68-бабы 12-тармағы).

Алайда қала әкімдігімен Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасына тиісті хабарлама берместен 4 көшеге жөндеу жұмыстары басталған.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

02 декабря 2024
Қызылорда қаласындағы емхана анықтама құнын негізсіз қымбаттатқан

Қызылорда қаласының прокуратурасы дәрігерлік анықтама үшін қызмет құнының негізсіз қымбаттатылғанын анықтады.

Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден өткізу жөніндегі комиссияның құрамына  учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі.

Алайда, Қызылорда қалалық орталық емханасында №073/е анықтамасының (жүргізуші куәлігі үшін қажетті) қызмет құнына терапия, офтальмолог, отоларинголог медбикелерінің ақысы негізсіз қосылған.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықтама үшін қызметтің құны 5700 теңгеден 3500 теңгеге дейін төмендетіліп, шектелмеген тұлғалардың құқықтары қорғалды.

22 ноября 2024
Заңсыз сот актілерінің күші жойылды

Қызылорда облысының прокуратурасымен сот актілері үнемі зерделенуде.

Ағымдағы жылы соттармен 15 әкімшілік  істер негізсіз тоқтатылды,  13 әкімшілік іс бойынша ӘҚБтК-тің санкциясында көзделмеген заңсыз жаза  тағайындалса, 2 іс бойынша негізсіз жауаптылыққа тарту деректері орын алған.

Сонымен қатар соттармен масаң күйде көлік басқарған 3 тұлға жауаптылықтан босатылғаны анықталып, прокурордың апелляциялық өтінішхаты негізінде кінәлі тұлғаларға әкімшілік жаза қолданылған.  

Мысалы, 19.07.2024ж. масаң күйде көлік басқарған құқық бұзушы Шиелі аудандық сотының 18.09.2024ж. қаулысымен әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылған.

Осы ретте, облыстық прокуратураның апелляциялық өтінішхаты нәтижесінде кінәліге 20 тәулік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.   

Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның қадағалауында.

Социальные сети
youtube
telegram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы