Қарабалық ауданының прокуратурасы Новотроицк ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері 9,8 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.
Штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру барысында бухгалтерге төленуге тиіс және іс жүзінде төленген жалақысы арасындағы айырмашылық анықталып, яғни 4 жыл ішінде бухгалтер өзіне артық соманы есептегені айқындалды.
Осы факті бойынша аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, атап айтқанда ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша бастады.
Баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу, сондай-ақ алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру қарастырылған.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
"Заң мен Тәртіп"
Қостанай облысының прокуратурасы