Рудный қаласындағы "Қазақстанның қауіпсіз және салауатты қоғамдастықтары" жобасы

Рудный қаласындағы "Қазақстанның қауіпсіз және салауатты қоғамдастықтары" жобасы

Рудный қаласында Бас прокуратураның бастамасымен «Қазақстанның қауіпсіз және салауатты қоғамдастықтары» жобасы басталды. Жобаның мақсаты – Әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге жүйелі көзқарас және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Жобаның негізі С.А.Р.А. әдістемесі болып табылады, оған мыналар кіреді: Сканерлеу (ақпарат жинау); Талдау (мәселені зерттеу); Жауап беру (мәселені шешу шаралары ); Ассесмент (бағалау).

Жоба аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері мен халықаралық сарапшылар    облыстың құқық қорғау  және уәкілетті органдарының қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі, прокуратура, полиция департаменттері және облыстың қылмыстық-атқару жүйесі басшылығының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасының бастамасымен "Пробация Үйі", "Стоп рецидив" және "Алаяқтардан қорғау" жобаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

 

«Заң мен Тәртіп»

 

Қостанай облысының прокуратурасы