Қостанайдың жоғары оқу орындарында Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерімен кездесу өтті

Қостанайдың жоғары оқу орындарында Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерімен кездесу өтті

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, 2025 жылғы 24–25 сәуір күндері Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясында және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерінің профессор-оқытушылар құрамымен, тыңдаушылармен және студенттермен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев пен Бас прокуратура Департаментінің бастығы Альбина Маутова  конституциялық реформалардың нәтижелері мен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдік қағидатының маңызы туралы кеңінен баяндады.

А.Т. Маутова өз сөзінде азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мемлекеттік орталық органдар өкілдерінің өңірлерде осындай көшпелі кездесулері жалғасуда.

 

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының прокуратурасы