«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру

«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру

Қостанай облысының прокуратурасы "бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасын іске асыруда, оның шеңберінде облыстың қалалары мен аудандарында  өмірлік қиын жағдайда тұратын, қауіп төнген немесе зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың құқықтарын бұзу фактілеріне жедел ден қоюдың мобильді топтары құрылды.

Биылғы 1 тоқсанда мемлекеттік органдар кіретін прокурорлардың мобильдік топтары 269 отбасына барды, олардың 96-сы әлеуметтік-құқықтық көмек алды.

Қостанай қаласында ананың бір жарым жастағы балаға қатыгездікпен қарау фактісі анықталды. Баланы тексеру кезінде көптеген дене жарақаттары анықталды. Бала анасынан алынып, мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

"Заң мен тәртіп" қағидатын ұстана отырып, осы факт  бойынша кәмелетке толмағандарға қатыгездікпен қарауға байланысты ата-анасының кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау прокуратура жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

 

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының прокуратурасы