Әулиекөл аудандық прокуратурасы ағаштарды заңсыз кесумен күресуде.

Әулиекөл аудандық прокуратурасы ағаштарды заңсыз кесумен күресуде.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокуратурасының қызметкерлері орман қоры аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында заңды құжатсыз бензин арасымен және трактормен ағаш кескен азаматты анықтады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша азаматқа 440 013 теңге көлемінде зиян келтірген ағаштарды заңсыз кескені үшін іс материалдары сотқа жолданды;

Сот азаматты ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл салды.

Бензин арасы мен трактор қылмыс құралы деп танылып, мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы тағы екі азамат ағаштарды заңсыз кескені үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 923 000 теңге және 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. 2 дана бензин арасы мемлекет пайдасына тәркіленді.

«Заң мен Тәртіп» қағидасына сәйкес орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінші басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы