Прокуратура Федоров ауданында тарифтің төмендеуіне қол жеткізді

Прокуратура Федоров ауданында тарифтің төмендеуіне қол жеткізді

Қостанай облысы Федоров ауданының прокуратурасы монополияға қарсы органмен бірлесіп, Федоров ауданының әкімдігіне тиесілі «Теплоцентр» МКК қызметінде монополияға қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Тарифтік смета шығындарын 5%-дан артық орындамауға байланысты бұзушылықтар анықталды. Бұл негізсіз табыс табуға әкелді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Федоров ауылының тұрғындары үшін жылумен жабдықтау тарифтерін төмендету бойынша шаралар қабылданды және уақытша өтемдік тариф бекітілді.

Бұдан басқа, «Теплоцентр» МКК қызметінде тарифтік сметаны орындамау және 30 млн. теңгеден астам сомаға амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды.

Тұрғындарға келтірілген залалды өтеу үшін кәсіпорын 2025 жылғы 1 наурыздан бастап тарифті 15,6%-ға немесе 11 183,83 теңгеден 9 435,5 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін 10 795,87 теңгеден 8 880,68 теңгеге дейін төмендетеді, бұл 31 кәсіпкерді қосқанда 484 абоненттің құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

Федоров ауданының прокуроры Тұрар Телемісов «Теплоцентр» кәсіпорнының басшылығымен кездесу өткізіп, тарифтік сметаны орындамаудың салдарын түсіндіріп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтауға шақырды.

 

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының прокуратурасы