Қостанай облысында прокурорлар медициналық қызметтердің бағасын төмендетті

Қостанай облысында прокурорлар медициналық қызметтердің бағасын төмендетті

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы медициналық қызметтерге бағаны қалыптастырудың заңдылығы мен негізділігін тексеру барысында аудандық аурухана көрсететін ақылы қызметтерге бағаны көтеру фактісін анықтады.

Көрсетілген қызмет құнын айқындау кезінде бір пациентке қабылдау уақытының ұзақтығы заңсыз екі есе ұлғайтылғаны анықталды, осылайша Денсаулық сақтау Министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы №49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартының 14-тармағы бұзылды.

Мысалы, аудандық ауруханада нарколог дәрігердің қабылдауына 20 минуттың орнына 45 минут уақыт көрсетілгені  анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 ақылы медициналық қызмет бойынша баға 54% - ға төмендетілді, мысалы, наркологқа бару құны 6 051 теңгеден 2 075 теңгеге дейін төмендетілді.

 

"Заң мен Тәртіп"

Қостанай облысының прокуратурасы