Қостанай облысы прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов Қостанай автомобиль колледжінің оқушыларымен және оқытушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара жас ұрпақты заң мен тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеуге арналған.
Кездесу барысында өңірдегі жасөспірімдер қылмысының жағдайы баяндалды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың 42,6%-ға (54-тен 31-ге дейін) төмендегеніне қарамастан, колледж оқушыларының құқық бұзушылар саны азаймайды, осылайша, 31 құқық бұзушының 24-і колледж студенттері болып табылады.
Қостанай қаласындағы жасөспірімдер құқық бұзушылықтарының саны бойынша көш бастап тұр, тіркелген 24 құқық бұзушылықтың 15-і немесе 62,5%.
Оқушыларға прокуратура органдарының негізгі міндеттері, Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі үйлестіру жұмыстары туралы айтылды. Кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыруға ерекше назар аударылды.
Прокурордың бірінші орынбасары балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған қабылданған заңнамалық актілер туралы толығырақ айтып берді.
Қостанай облысының прокуратурасы «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес жастарды тәрбиелеуге бағытталған жұмысты жалғастырады.
Қостанай облысының прокуратурасы