
Қостанай облысының прокуратурасымен жалған шот-фактураларды жазып беру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісі бекітілді.
Тергеп-тексерумен 2021 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында Қостанай облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің бірінің басшысы жол жұмыстарымен айналысқан (жолдарды төсеу, жөндеу және басқалары) 9 контрагенттің атына жұмыстарды нақты жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасағаны анықталды.
Көрсетілген жалған құжаттар контрагенттермен бухгалтерлік және салық есебінде шығындардың шығын бөлігін негізсіз ұлғайту және бюджетке салық төлемдерін азайту мақсатында пайдаланылды, яғни бұл әрекеттер оларға салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерден жалтартуға мүмкіндік берді.
Контрагенттер төлеуден жалтарған салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасынан мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 293 млн теңгеде асты.
Оның әрекеті ҚК-нің 216-бабының 3-бөлігі (жеке кәсіпкерлік субъектісінің мемлекетке аса ірі залал келтірген мүліктік пайда алу мақсатында жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураны жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасауы) бойынша сараланған.
Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.
Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.
Қостанай облысының прокуратурасы