2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 04:29 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары" АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және "Семсер Өрт сөндіруші" ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Аталған факті бойынша Жітіқара ауданының Төтенше жағдай бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру.
Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды.
Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Ресупбликасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.
Қостанай облысының прокуратурасы