Прокуратура ата-аналардың құқықтарын қорғауда

Прокуратура ата-аналардың құқықтарын қорғауда

Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында бөбек жайларда тамақтану бағаларын негізсіз қолдану фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, балабақшаларда ата-аналық төлем мөлшерін қалыптастыру кезінде жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағалары жоғары бағамен ескерілген, ал жекелеген өнімдер мүлдем сатып алынбаған.

Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бағалар өзгертілді, балабақшалардағы тамақтану құны 2 мың теңгеге төмендетіліп, 309 ата-ананың құқықтары қорғалды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы