
Қостанай облысының прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша өңірдің медициналық ұйымдарының қызметіне тексеру жүргізді.
Халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу бойынша бұзушылықтар анықталды.
Мысалы, Рудный қаласында ағымдағы жылы әртүрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрған 1950 азамат қажетті дәрілік заттармен толық көлемде қамтамасыз етпеді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың 47 қызметкері жазаланды, дәрілік заттар сатып алынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша көзделген препараттардың барлық спектрін 4 657 азамат алды.
Прокуратура «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Конституция мен Кодекске сәйкес азаматтар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кіретін препараттарды тегін алуға құқылы екенін түсіндіреді.
Қостанай облысының прокуратурасы