Жолдауды іске асыру: Қостанай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Жолдауды іске асыру: Қостанай облысында пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысының Прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау барысында жерді заңсыз беру және ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады.

Мысалы, Қостанай қаласында кәсіпорынға конкурстық рәсімнен өтпей-ақ, кадастрлық құны 254 млн теңгеден асатын 15 гектар жер телімі негізсіз берілді.

Жітіқара ауданында жалпы ауданы 1 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 39 млн теңгеден асатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 3 жылдан астам уақыт пайдаланылмаған.

Жоғарыда аталған учаскелер қабылданған шаралармен мемлекетке қайтарылды.

2024 жылдың өткен кезеңінде прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке жалпы құны 1,2 млрд. теңгеден астам 53 мың гектар жер учаскесі қайтарылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы