Орманды өрттен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар

Орманды өрттен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар

Қостанай облысы Федоров ауданының прокуратурасы орман шаруашылығын тексеру барысында өрт қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтады.

Мәселен, «Усаков орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәуекелдің жоғары дәрежесіне қарамастан, жеке кәсіпкер жалдаған жер учаскесінде орман өрттерінің алдын алу бойынша шаралар қабылдаған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, орман шаруашылығы мекемесі кәсіпкермен ауданы 804 га жер учаскесін жалға алу туралы шартты бұзды, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Орман шаруашылығы мекемесінің лауазымды тұлғасы уақтылы және тиімді шаралар қолданбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы