Дәрілік заттардың бағасын жоғарлатуға қатысты

Дәрілік заттардың бағасын жоғарлатуға қатысты

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрілік және фармацевтикалық препараттарға баға мониторингі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қалыптасқан жағдай аясында елде жекелеген дәрілік препараттардың тапшылығы немесе дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату байқалуда.

Бүгінгі таңда ауданда «Анальгин» және «Парацетамол» таблеткаларын жоғары бағамен сатудың екі фактісі анықталды, осыған байланысты дәріхана иелері айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Егер Сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, Полиция бөлімінің кезекші бөліміне «102» телефоны немесе 3-72-39 нөмірі бойынша аудан прокуратурасының сенім телефонына хабарласуыңыз қажет.

         Сондай-ақ, дәрі-дәрмектерді сатумен айналысатын адамдарға жүгінеміз. «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен дәрілік препараттардың шекті бағалары белгіленген.

         Дәрілік заттардың белгіленген шекті бағаларын арттырғаны үшін қолданыстағы заңнамада 70-тен 1000 АЕК-ға дейінгі мөлшерде әкімшілік айыппұл түріндегі (субъектіге байланысты) жауаптылық көзделген.