
Қостанай облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қабылданған шаралар қолданыстағы тігін өндірісін жаңғырту жобасын жүзеге асырып жатқан «Большевичка» ЖШС-не көмек көрсетті, инвестициялық салымдардың көлемі 55 жұмыс орнын құрумен 1 млрд теңгеден астам соманы құрайды.
2023 жылы «Большевичка» зауыты кооперативтен серіктестікке айналды және электронды деректер қорында жаңадан құрылған деп саналды.
Осыған байланысты кәсіпорын «электрондық еңбек биржасы» платформасының жетілмегендігіне байланысты жұмыс орындарын субсидиялау мәселесіне тап болды, ол арқылы жұмыс орындарын субсидиялау ресімделеді. Заңнамаға сәйкес, субсидияларды нарықта бір жылдан астам жұмыс істеген ұйымдар ғана ала алады.
Мәселені шешу мақсатында облыс прокуратурасы әділет органдарымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен бірлесіп, ақпараттық жүйелердегі деректерді біріктіру және конфигурациялау бойынша жұмыстар жүргізді, өтінім беру алгоритмдері әзірленді.
Нәтижесінде мәселе шешілді, жоба жүзеге асырылуын жалғастыруда, биыл жаңа жаңартылған цехты пайдалануға беру жоспарлануда.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу қадағалау органының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы