Қостанай облысының прокурорлары алимент өндіріп алуда

Қостанай облысының прокурорлары алимент өндіріп алуда

«Балалар – біздің болашағымыз» жобасын іске асыру шеңберінде Жітіқара ауданы прокуратурасының үйлестіруімен алименттік берешекті өтеу бойынша нәтижелерге қол жеткізілді.

Мәселен, ағымдағы жылы алимент бойынша борышкерлер жеке сот орындаушыларына берешекті өтеу есебіне жалпы құны 8,1 млн теңгеден асатын екі тұрғын пәтерді берді.

Сол сияқты өндіріп алушыларға құны 1,6 млн теңге тұратын тұрғын пәтердегі ½ үлес берілді.

Осылайша, 6 баланың ата-анасынан алимент алу құқығы қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы прокурорлық қадағалау актілері бойынша аудан аумағында сот орындаушылары алимент бойынша 10 борышкерді жұмысқа орналастырды, 19,5 млн теңгеден астам сомаға берешек өтелді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 10 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 7 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың біріне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Қостанай облысының прокуратурасы