Қарабалық прокурорлары бюджет ұрлығының алдын алды

Қарабалық прокурорлары бюджет ұрлығының алдын алды

Тексеру барысында Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуратурасы лауазымды тұлғаның бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады.

Осылайша, мемлекеттік мекеменің бас есепшісі 6 жыл бойы бюджетті үнемдеуден түскен қаражатты өзіне заңсыз аударған.

Сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, артық аударылған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 12,3 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1)-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті келтірілген шығынды толық көлемде өтеді.

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қарабалық ауданының прокуратурасы