Алтынсарин ауданының прокуратурасы оқушылардың қауіпсіздігін тексерді

Алтынсарин ауданының прокуратурасы оқушылардың қауіпсіздігін тексерді

Алтынсарин ауданының прокуратурасымен білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын тексеру барысында балалардың құқықтарының бұзылғаны анықталды.

Тексеру барысында Обаған және Больше-Чураков мектептерінің мектеп автобустарының жүргізушілері рейс алдындағы медициналық куәландырудан өтпей оқушыларды тасымалдауға жіберілгені, сол арқылы балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мектеп директорлары айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал жүргізушілер медициналық куәландырудан өте бастады.

Сонымен қатар, егу пунктінің учаскелік медбикесі балаларға мерзімі өткен дәрілік антипиретиктерді қолданғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша дәрілік заттарды сақтау қағидаларын бұзғаны үшін медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Алтынсарин ауданының прокуратурасы