Сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы туралы

Сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы туралы

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізілді.

2020 жылғы 21 шілдеде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалды.

Алдағы уақытта мердігердің атына 921 млн теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталған жоқ, жасалған шарт бұзылды.

Тексеру көрсеткендей, «Вершина» ЖШС мекенжайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстарын орындау туралы растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы