Қостанай облысының прокуратурасымен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі бойынша ішкі істер органдарының қызметіне талдау жасалды.
Талдау барысында 63,1 млн. теңге сомасына өндіріп алынбаған 3,2 мың айыппұл белгіленді, олар бойынша жұмыс орны көрсетілгеніне қарамастан, айыппұл салу туралы қаулы құқық бұзушы жұмыс істейтін ұйымға емес, тікелей сот орындаушыларына жіберілді.
Мәжбүрлеп орындауға бағытталмаған 73 млн. теңге сомасына 3,5 мың қаулы анықталды.
Осылайша, 136,1 млн. теңге сомасына айыппұл салу туралы 6,7 мың қаулы бойынша жолданым жасау жөнінде шаралар қабылданбады, сол арқылы жазаның бұлтартпаушылығы және құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидаттарына қауіп төнді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, қаулылар орындауға жіберіліп, лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бір мезгілде азаматтарға айыппұлдарды толық көлемде уақтылы төлеу қажеттілігі туралы хабарлаймыз, өйткені оларды төлемегені үшін 50 АЕК-ке дейінгі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік не 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Қостанай облысының прокуратурасы