
Жітіқара ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша монополияға қарсы орган «Жітіқаракоммунэнерго» МКК жүзеге асыратын жылумен жабдықтау тарифін төмендету бойынша шаралар қабылдады.
Атап айтқанда, коммуналдық кәсіпорынның қызметінде қадағалау органы тариф құнын төмендетуге бөлінген 170 миллион теңге бюджет қаражатын қоспау фактілері анықталды.
Қолдау шараларына қарамастан, жылумен қамту тарифі негізсіз көтерілді.
Осы бұзушылықтар бойынша прокуратура қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылды және 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты жылумен жабдықтау тарифінің мөлшері 1 Гкал үшін 6 254,17 теңгеден 6 129,74 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін – 12 826,45 теңгеден 11 428,44 теңгеге дейін төмендетілді.
Осылайша, жылумен жабдықтау тарифін төмендету нәтижесінде 11 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 315 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Жітіқара ауданының прокуратурасы