Қостанай облысының прокуратурасы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) қызметінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау жөніндегі өтінімдерді қарау әбігерлігін анықтады.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың негізгі мақсаты басым бағыттарда инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Өңірде агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға 3,3 млрд. теңге бөлінді, бұл ретте 865 кәсіпкердің өтінімдері 2023 жылғы мамырдан бастап қаралмай қалды, ал қызмет көрсету мерзімі 14 жұмыс күнін құрайды.
Облыс прокуратурасы енгізген қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, облыс әкімдігі өңірдің 757 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 3,3 млрд. теңге сомасына субсидиялар төледі.
Мұндай фактілерді болдырмау үшін басқарма бұдан былай мемлекеттік қолдау өтінімдерін уақтылы қарау бойынша ұйымдастырушылық – өкімдік шаралар қабылдады.
Өңірде кәсіпкерлерді қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу саласындағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Қостанай облысының прокуратурасы