Жолдардағы қауіпсіздік

Жолдардағы қауіпсіздік

Қарабалық ауданының прокуратурасы талдау барысында медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілерін анықтады.

Азамат М.А.М. жүргізуші куәлігін алғаннан кейін көлік құралдарын басқаруға тыйым салынатын созылмалы психикалық аурумен ауырғаны анықталды.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес соңғысы көлік құралдарын басқаруға жарамсыз.

Осыған ұқсас факт Ф.Ю.В. азаматына қатысты анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа жоғарыда аталған адамдардың көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап арыз берді.

Сот тәртібімен көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды.

Жол қауіпсіздігі - ортақ міндет.


Қарабалық ауданының прокуратурасы