Балалар лагерлерін тексеру туралы

Балалар лагерлерін тексеру туралы

Қостанай облысының прокуратурасы Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша балалар лагерьлерінің қызметінде кешенді тексерулер жүргізеді.

Тексеріс балалардың құқықтарын қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік және санитарлық салауаттылық саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін қамтыды.

Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша балалар лагерлерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер мен тамақ өнімдері, перспективалық мәзірдің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеуі, балалар лагерінің аумағында балалар үшін жарақат алу қаупі бар аймақтардың болуы, шайындыларды зерттеу нәтижелері ішек таяқшасы тобының бактерияларын көрсетті. Балалар лагерьлерінің бірінің әкімшілік бөлмесінде спирттік ішімдіктер табылды.

Сонымен қатар, балалар лагерінің аумағында бильярд үстелі, сауна және киім ауыстыратын бөлме бар бөлмелер табылды.

Прокурорлар тексеруді жалғастыруда, барлық анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы