Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты Қостанай облысының прокуратурасында заң мамандықтары студенттерінің 1993-1999 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалтумен тікелей айналысқан Қостанай облысы прокуратурасы органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Н. Лысенкомен және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П. Чужинов атындағы экономика және құқық Институтының директоры, А.Н. Табулденовпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында қонақтар студенттерге қуғын-сүргінге ұшырағандардың тағдыры, оларға түскен қиындықтар, айыру, оңалту процесінің өзі және олардың азаматтық құқықтарын қалпына келтіру және зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Аталған іс-шараның модераторы облыс прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Р.И. Гиндулин болды.

Қостанай облысының прокуратурасы