Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Бас Прокурордың 2023 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен Қостанай облысының прокуратура органдары басшыларының кадрлық тағайындаулары жүргізілді.

Денисов ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Абдиров Кайрат Нурсеитович тағайындалды.

1980 жылы туған К.Н. Абдиров бұған дейін Әулиекөл ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Қарағанды облысының Қарағанды қаласының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады.

Келесі басшылық лауазымдарды атқарды: Қостанай облысы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының Ішкі істер органдарындағы тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2009 жыл), Қарабалық ауданы прокурорының орынбасары (2009-2010 жылдар), Қостанай көлік прокурорының орынбасары (2012-2017 жылдар), Қостанай облысы прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы (2018-2019 жылдар), Әулиекөл ауданының прокуроры (2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам. 

 

Әулиекөл ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Мусин Улан Салимович тағайындалды.

У.С. Мусин, 1981 жылы туған, бұрын Қостанай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл ауылының тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Ұзынкөл ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметінен бастады.    

Осы тағайындауға дейін Қостанай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді (2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін).

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылдан астам.

 

Қостанай облысының прокуратурасы