Өртенген орманды игеруді бақылау жобасы

Өртенген орманды игеруді бақылау жобасы

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап облыс прокуратурасының бастамасымен облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп Әулиекөл ауданында өртенген орманды игеруді бақылау жобасы іске асырылуда (өткен жылдың қыркүйегінде жаппай орман өртімен 32 мың га орман алқаптары жойылды).

Барлық орман шаруашылығы мекемелерінің ресурстарын жұмылдыру нәтижесінде көлемі 46 мың м3 өртеу дайындалды, бюджетке кесуден 673 млн. теңге түсті.

Сондай-ақ, жоба шеңберінде өз бетінше ағаш кесуге жол бермеу мақсатында орман дайындау жұмыстарының заңдылығы және кесілген орман алқабының рұқсат құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан ғарыштық суреттерді ай сайын зерделеу, жазылған билеттерді берілген жүкқұжаттармен салыстыру, тұрақты бірлескен рейдтер жүргізу (Орман шаруашылығы инспекциясы, прокуратура, жол полициясы) көзделген.

Бүгінгі күні қабылданған шаралармен ағаш кесу жұмыстарының заңдылығы қамтамасыз етілді, орман бұзушылықтарға жол берілмеді.

Бұдан басқа, өртенген орманды кесу және оны үдемелі игеру қажеттілігі мәселесі ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қостанай облысы әкімінің қатысуымен облыс прокуратурасындағы алқаның кеңейтілген отырысында қаралды.

Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда.

 

Қостанай облысының прокуратурасы.