Отмечен День прокуратуры

Отмечен День прокуратуры

2022 жылғы 6 желтоқсанда облыс прокуратурасының ғимаратында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бұл күні облыс прокуроры Берік Әбілов облыс прокуратурасы органдарының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Іс-шараға Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Марат Қайбжанов, Облыс прокуратурасы органдарының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қ. Нағыманов және облыс прокуратурасы органдарының ардагерлері қатысты.

Қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін облыс прокуратурасының бірқатар қызметкерлері Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ведомстволық наградаларымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңында облыстық прокуратура аппаратының, Қостанай, Рудный және Қостанай аудандарының прокуратураларының қызметкерлері ардагерлер мен жеке құрамға мерекелік концерт ұйымдастырды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы