Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасында кадрлық тағайындаулар

Бас Прокурордың 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен Қостанай облысының прокуратура органдарының басшылары тағайындалды.
Бейімбет Майлин ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Дарын Әмірханұлы Жапабаев тағайындалды.
Д.А. Жапабаев - бұрын Федоров ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Ақмола облысы Ерейментау қаласының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Арқалық қаласы прокурорының орынбасары (2012-2014), Қостанай облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары (2014-2017), Рудный қаласы прокурорының орынбасары (2017-2018), соңғы лауазымы Федоров ауданының прокуроры (2018 - қ.у.). Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 18 жылдан астам.

Қамысты ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Аслан Сапарұлы Бұлтаев тағайындалды.
А.С. Бұлтаев - бұрын Бейімбет Майлин ауданының прокуроры  қызметін атқарған.
Челябі облысы Бредин ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2005 жылы Жітіқара ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Басқарма бастығының Қостанай облысы прокуратурасының соттарындағы мемлекет мүдделерін білдіру жөніндегі орынбасары (2013-2015), Денисов ауданының прокуроры (2015-2019), соңғы лауазымын Бейімбет Майлин ауданының прокуроры (2019-қ.у.) атқарды.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 17 жылдан астам.

Әділет кеңесшісі Тұрар Ахмадиұлы Телемисов Федоров ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Т.А. Телемисов - бұрын Амангелді ауданының прокуроры қызметін атқарған.
Ұзынкөл ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2008 жылы Алтынсарин ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Осы тағайындауға дейін Амангелді ауданының прокуроры болып жұмыс істеді (2019-қ.у.). Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 14 жылдан астам.

Амангелді ауданының прокуроры болып кіші әділет кеңесшісі Мұқанов Ернар Асылбекұлы тағайындалды.
Жітіқара ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы Қарасу ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Қостанай қалалық прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы (2017-2019), Рудный қаласы прокурорының орынбасары (2019-2021), Қостанай қаласы прокурорының орынбасары (2021), соңғы лауазымын Қостанай облысы прокурорының көмекшісі (2021-қ.у.) атқарды.
Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 12 жылдан астам.

Қостанай облысының прокуратурасы