Пресс-релиз по заседанию Координационного совета

Пресс-релиз по заседанию Координационного совета

2022 жылғы 14 желтоқсанда облыс прокуроры Б.Р. Абиловтың төрағалығымен облыстың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдары қабылдайтын шаралардың тиімділігі және 2021-2022 жылдардағы жол-көлік оқиғалары туралы істер бойынша сот-тергеу практикасы мәселесі бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Координациялық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Координациялық кеңесінің отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Г.Т. Нурмухамбетов, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі А.А. Есимов, облыстың құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Отырыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың заңдылығы мен өзара іс-қимылының жай-күйін талдау және прокурорлық тексеру нәтижелері талқыланды және өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуды күшейтуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені әзірленді.

Облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын үйлестіру және тиімділік мақсатында облыстың Координациялық кеңесінің шешімімен 2023-2024 жылдарға арналған Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.